Қазақстан халқының тілдері күніне арналған ақпараттық сағат өткізілді
🔹ҚР Сот әкімшілігінің Абай облысы бойынша департаменті Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
🔹Іс-шараға «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №12 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы Жанна Нұрланбекова және Департаменттің мемлекеттік тілді дамыту бойынша бас маманы Гүлзия Әубәкірова қатысты.
🔹Іс-шара тілдік әралуандылықты сақтау мен дамытуға, қоғамдағы түрлі тілдерге деген құрметті нығайтуға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға бағытталды.
🔹Ақпараттық сағат барысында қатысушыларға Қазақстан халқының тілдері күнінің тарихы, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі маңызы және оның сот жүйесіндегі рөлі туралы ақпарат берілді.
🔹Сонымен қатар, қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалымы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға оның қазақ тілін және жазуын дамытуға қосқан үлесі туралы бейнематериал көрсетілді.
🔹Қатысушылардың тақырып бойынша танымдық белсенділігін арттыру мақсатында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Шара соңында кітапхана қызметкерлері дайындаған кітап көрмесіне шолу жасалды.
***
Проведен информационный час, посвященный Дню языков народа Казахстана
🔹 Департаментом судебной администрации по области Абай проведен информационный час на тему «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» приуроченный ко Дню языков народа Казахстана.
🔹 В мероприятии приняли участие библиотекарь библиотечного отделения №12 КГУ «Централизованная библиотечная система города Семей» Жанна Нурланбекова и главный специалист Департамента по развитию государственного языка Гульзия Аубакирова.
🔹 Мероприятие было направлено на сохранение и развитие языкового многообразия, укрепление уважительного отношения к различным языкам, расширение сферы применения государственного языка и повышение языковой культуры.
🔹 В ходе информационного часа участникам была предоставлена информация об истории Дня языков народа Казахстана, значении государственного языка в общественной жизни и его роли в судебной системе.
🔹 Кроме того, особое внимание было уделено жизни и деятельности выдающегося казахского просветителя, ученого и общественного деятеля Ахмета Байтурсынулы. Участникам продемонстрировали видеоматериал о его вкладе в развитие казахского языка и письменности.
🔹 В целях повышения познавательной активности участников по теме была организована интеллектуальная игра. В завершение мероприятия состоялся обзор книжной выставки, подготовленной сотрудниками библиотеки.
https://t.me/abaisottary
September 4, 2026 27