Жер заңнамасын сот практикасында қолданудың проблемалық мәселелері… — АБАЙ СОТТАРЫ — TG.ME

Жер заңнамасын сот практикасында қолданудың проблемалық мәселелері талқыланды

🔹Абай облыстық сотының алаңында «Жер заңнамасын сот практикасында қолданудың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
🔹Іс-шараға Абай облыстық сотының және Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратура органдарының, Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің, сондай-ақ Семей қаласының жер қатынастары бөлімінің өкілдері қатысты.
🔹Дөңгелек үстелді Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.М. Жаманбаев ашты.
Өз сөзінде ол жер қатынастарына байланысты дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелердің өзектілігін атап өтіп, жер заңнамасы нормаларын сот практикасында біркелкі қолданудың маңыздылығына тоқталды.
🔹Жеке баяндамамен Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы С.Б. Балгабеков сөз сөйледі. Баяндама барысында жер дауларын қарау бойынша сот практикасының өзекті мәселелері, сондай-ақ жер заңнамасын қолданудың жекелеген проблемалық аспектілері қаралды.
🔹Дөңгелек үстел барысында жер учаскелерін беру және пайдалану, жерге құқықтардың туындауы мен тоқтатылуы, уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауы кезінде заң талаптарының сақталуы, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғаудың тиісті тәсілін айқындау мәселелері талқыланды.
🔹Сонымен қатар, жер қатынастарының құқықтық сипатын айқындау және осы санаттағы дауларды шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹Талқылау барысында сот жүйесінің, прокуратура органдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері жер заңнамасын қолдану мәселелері бойынша пікір және практикалық тәжірибе алмасты.
🔹Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жер қатынастары саласындағы құқық қолдану практикасын жетілдіруге және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

https://t.me/abaisottary
👏1
September 4, 2026 12