Ербол өзінің физикаға әуестігінің зор болғанын айтады.
Қыз кассаның неліктен уақытша жұмыс істемей тұрғанын түсіндіреді.
Мектеп бізге осылай сөйлем құратып, осылай сөйлем талдатады-ау деймін. Бастауыш, баяндауыш, ортасындағы түгел күрделі тура толықтауыш десе жақсы, көбіне ана жерде ілік бар ма, демек, анықтауыш, одан кейін пысықтауыш тұр, одан кейін толықтауыш деп түсіндіреді. Тұрлаусыз мүшелерді ажыратуды үйренсін деп, соған қатты мән бере ме екен...
Оның салдары — журналистер ілігін, Назгүл "бүлігін" қоймайтын болды)
Ербол физикаға әуестігі зор болғанын/Қыз касса неге жұмыс істемей тұрғанын
Сосын журналистер "ілікті жалғауға да болады, жалғамауға да болады" деген ережені бір жерден оқыпты-мыс. Негізінде, матасу деген сабақ түсіндірілгенде "мекеме ғимараты" деген сияқты тіркестерде ілік жасырын тұр дейтін болар, ол тек соған қатысты. Түсіп қалатын жері бар, түсіп қалмайтын да жері бар:
Жаңа ғана қылмыс орнына келдік;
Жаңа ғана болған қылмыстың орнына келдік