Қатал редактор: post #645 — TG.ME

Әлімжан Асқар деген барып тұрған…

ерекше құбылыс екен ғой.

-уда, -уде дегенді мүлде қолданбай, футбол эфирінің етістігін күшті қылып өзгертіп тастапты.

Әдетте біздің еститініміз
ойнауда
тебуда
болуда
салуда мен
салмауда ғой).
Сосын таптаурын сөйлемдер бар. Күмәнсіз. Басқа дым жоқ.

Сондай ортада принципке барып, морфология-синтаксисіне кәдімгідей мән беріп отыр-ау. Знашыт, тегін адам емес. Біреулер "тікелей эфирде дұрыс сөйлеп отыру мүмкін емес, анау-мынау, ауызекі-мауызекі" деп жатады ғо — бос сөз екен онда.

Эфирді басқаруын, толтыруын, ана жердегі сентименттің бәрін қолға ұстатқандай жеткізетінін, шешендігін былай қойғанда деймдағы.
❤62
July 19, 2026 7.2K 1 12