Сұсты Агамемнон дулығасын кім киді?
Ноланның "Одиссея" фильмінде бет-жүзі көрінбейтін, түрінен адам шошитын Агамемнон образы біраз талқыға түскені бар. Оны кинода Бенни Сэфди ойнады.
Оны Ноланның осыған дейінгі "Оппенгеймер" фильмінен де көруге болады.
Бірақ, Бенниді актерлігінен бұрын режиссерлігі үшін жоғары бағалар едім (көбіне ағасы Джош Сэфдимен бірігіп түсіреді). Оның жұмыстары Канн, Венеция сияқты әйгілі кинофестивальдерге қатысып жүр. 2025 жылы "The Smashing Machine" фильмі үшін Венеция кинофестивалінде үздік режиссер атанды.
Роберт Паттинсонмен бірге ойнаған "Good Time" деген авторлық жұмысы Канн фестивалінде жүлде алды.
Оны арзанқол комедия рөлдерден арыла алмай жүрген Адам Сэндлерді драма актері ретінде қайта танытқан режиссер деп те бағалауға болады. Бенни түсірген "Uncut Gems" фильмінен кейін Адам Сэндлер көрерменге жаңа қырынан ашылды.












