“Медиация туралы” Заңының 15 жылдағына орай дөңгелек үстел өтті
🔷 Түркістан облыстық сотының бастамасымен Қазақстан Республикасының “Медиация туралы” Заңының 15 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.
🔷 Дөңгелек үстелге Түркістан облысының судьялар корпусы, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, қоғам қайраткерлері нотариустар, адвокаттар мен заң консультанттары қатысты.
🔷 Шараның мақсаты – қоғамдағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңызын насихаттау, медиацияның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлін арттыру және кәсіби медиаторлардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
🔷 Жиын барысында Қазақстандағы медиация институтының 15 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері сараланып, дауларды сотқа дейін реттеудің тиімділігі, қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудың маңыздылығы жөнінде баяндамалар жасалып, Медиация институтының даму қорытындылары жөнінде әзірленген бейнеролик ұсынылды.
🔷 Сондай-ақ медиация саласын одан әрі дамыту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
🔷 Шара соңында медиация институтының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
🔷 Медиация – қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтатын тиімді құқықтық тетік. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын тауып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қоса береді.
Түркістан облыстық сотының
Баспасөз қызметі
———————————
В Туркестанской области состоялся круглый стол, посвященный 15-летию Закона Республики Казахстан «О медиации»
🔷 По инициативе Туркестанского областного суда состоялся круглый стол, посвященный 15-летию Закона Республики Казахстан «О медиации».
🔷 В мероприятии приняли участие судейский корпус Туркестанской области, представители государственных органов, профессиональные и общественные медиаторы, общественные деятели, нотариусы, адвокаты и юридические консультанты.
🔷 Целью мероприятия стало продвижение идеи мирного урегулирования споров, повышение роли медиации в формировании правовой культуры общества, а также создание площадки для обмена опытом между профессиональными медиаторами.
🔷 В ходе заседания были подведены итоги 15-летнего развития института медиации в Казахстане, отмечены его достижения, представлены доклады об эффективности досудебного урегулирования споров, а также о значении медиации в укреплении общественного согласия и единства. Участникам был продемонстрирован видеоролик, посвященный итогам развития института медиации.
🔷 Кроме того, были обсуждены вопросы дальнейшего развития института медиации, усиления информационно-разъяснительной работы среди населения и обмена профессиональным опытом.
🔷 В завершение мероприятия ряд граждан, внесших значительный вклад в развитие института медиации, были награждены благодарственными письмами.
🔷 Медиация является эффективным правовым механизмом, способствующим укреплению взаимопонимания и общественного согласия. Работа в данном направлении будет продолжена и впредь, содействуя защите прав и законных интересов граждан, а также сохранению общественной стабильности.
Пресс-служба
Туркестанского областного суда