АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 🔴 ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот… — ТҮРКІСТАН СОТТАРЫ — TG.ME

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

🔴 ҚР Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастырады.

🔴 Бүгін, 2026 жылғы 18 тамызда, сағат 15:00-де фельдшер Ұлдана Мырзуанның қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі қазасы туралы іс бойынша сот процесі басталды.

◾️ Сот талқылауына қоғамдық қызығушылықтың артуын, сот процесіне қатысушылардың пікірін, сондай-ақ жәбірленуші тараптың өтінішхатын ескере отырып, сот осы іс бойынша ашық сот отырыстарын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыруға қаулы етті.

🔴 Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

🔴Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына жазылыңыз: https://t.me/Jogargy_sot және әлеуметтік желілердегі ЖС ресми аккаунттарындағы жаңартуларды қадағалаңыз.
August 18, 2026 117