Дұрыс маркетинг: post #256 — TG.ME

Дұрыс маркетингИнстада магазиндер бағасын сразу жазып қойса бақытты болып кетесің ба?
Мен де бақытты болып кетем. Бірақ...

1. Бәріне бірдей баға жаза салуға болмайды.

Кейбір заттардың бағасы размеріне, түсіне, адресіне, сатып алу шартына қарай өзгеруі мүмкін. Сол кезде магазин ең тиімді жолмен ең арзан түрін ең ұзақ уақытқа есептеп ЕҢ АРЗАН бағаны жазып қояды, әрине. Олай істемесе, сен басқа магазинге кетіп қаласың.

Солай жазып қойса, сенің рассрочкаға, жердің көтіне жеткізуімен, нестандартный размермен берген тапсырысың инстадағы бағадан 2 есе көп болып кеткен кезде алданып қалғандай сезімде болады. Ол да көтті ашытады бір жағынан. Сондай кезде инстаға бағасын жазбай-ақ, директтен клиенттің запросын анықтап алып дұрыс бағаны бірден айтқан дұрысырақ болуы мүмкін.

2. Кейде клиенттің ыңғайынан гөрі аналитика маңыздырақ болуы мүмкін.

Яғни жынданса жындана берсін, бұлданып болса да бағасын сұрасын. За то, менің тауарым шынымен қанша адамға қызық және қанша адам үшін қымбат екенін шамалай аламын. Соған қарап, маркетингіме корректировка жасай алам.

Бағасы көрініп тұрған жердің бәріне клиент "бәрі жақсы, бірақ қымбаттау екен" деп айтпай-ақ шығып кете салуы мүмкін. Соның орнына "мынауың қаншадан?" деп жазса, кетіп бара жатқан жерінен, "родной, мә скидка!" деп айтып үлгеруге болады. Немесе кейіннен тауып алып басқа оффер жасауға болады.


В общем, клиенттің бақытты болғаны жақсы. Но иногда стоит пожертвовать комфортом клиента.
❤4🫰2
January 22, 2025 779 2