Дұрыс маркетинг: post #253 — TG.ME

4 жыл бұрын Ескендір Бестаймен сөйлескенде осы туралы қызық әңгіме айтып еді.

Ақпараттық пирамиданы елестету керек. Бұл пирамиданың атын білмеймін. Бірақ ол бірдеңені зерттеу этаптарын сипаттайды деп ұқтым. Бірдеңені жақсы түсіну үшін адамдар жылдарын арнап соны зерттейді. Біз сол зерттеудің пайдасын сіңіру үшін дәл солай өмір арнай алмайтынымыз түсінікті. Бірақ оның еңбегін оқи салып, сонымен теңдей білімді бола салуға да келмейді.

Мәселен, бір ғалым бүкіл өмірін маркетинг зерттеуге арнап, клиентердің кризистің ситуациядағы ойлау жүйесі туралы кітап жазды дейік.

Өкінішке қарай, соны жақсы түсіну үшін сол бір кітапты оқи салу жеткіліксіз. Оған дейін пирамиданың бастапқы баспалдағын басып шығу керек. Алдымен жалпы маркетинг туралы, клиент деген ұғым туралы ізденіп көру керек. Содан кейін қызық болса, ары қарай жүруге болады.
❤4🧑‍🎓2👍1👌1
January 17, 2025 600