Салық төлегісі келмей, шекара асқан кәсіпорын директоры БАӘ-ден… — Dala Finance — TG.ME

❗️Салық төлегісі келмей, шекара асқан кәсіпорын директоры БАӘ-ден экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден аса залал келтірген. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан аса уақыт бойы халықаралық іздеуде болды. Биыл қыркүйекте ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді", делінген ресми хабарламада.


Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
👍1
October 10, 2025 353