Елімізде әйелдер де ер адамдар секілді 63 жаста зейнетке шығады ма… — Dala Finance — TG.ME

🧕Елімізде әйелдер де ер адамдар секілді 63 жаста зейнетке шығады ма

Қазақстанда бүгіндері ер адамдар 63 жаста, ал әйелдер 61 жаста зейнетке шығады.

Алайда, БЖЗҚ мәліметінше, әйелдердің зейнетке шығу жасы жақын болашақта ерлермен теңестіріледі, яғни бұл мақсатқа 2031 жылы қол жеткізілмек.

🦸‍♀️2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас;
👵2028 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас;
👳‍♀️2029 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;
👳2030 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас;
👳2031 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас.

Яғни, 2031 жылы Қазақстанда ер адам да, әйел адам да 63 жаста зейнеткерлікке шығатын болады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
💩1
October 9, 2025 198 1