Қазақстанда 2026 жылы тұрғын үй бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін… — Dala Finance — TG.ME

🏡 Қазақстанда 2026 жылы тұрғын үй бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін

Мұндай болжаммен қаржы сарапшысы Айбар Олжай бөлісті. Оның пікірінше, құрылыс компанияларына енгізілетін жаңа салық талаптары мен инфляция деңгейі баспана құнының қымбаттауына тікелей әсер етеді.

Сарапшының айтуынша, келесі жылдан бастап сатылатын пәтерлерге құрылыс компаниялары қосымша құн салығын (ҚҚС) енгізеді. Бұл өз кезегінде баспана бағасының шарықтауына әкелуі мүмкін.

"Әрине, нарықта белгілі бір түзетулер болады. Өйткені жылдың аяқталуына 2,5 айдан аз уақыт қалды. Ал 2026 жылдың басынан бастап сатылатын пәтерлерге қосымша құн салығы (ҚҚС) енгізіледі. Бұл бағаның кем дегенде 16 пайызға өсуіне себеп болады", — дейді ол.


Сонымен қатар Айбар Олжай биыл инфляция деңгейі шамамен 11 пайыз екенін атап өтті.

"Егер осы инфляцияны және қосымша құн салығын қоссақ, келесі жылы, нақтырақ айтқанда 2026 жылдың бірінші және екінші тоқсанында баспана бағасы айтарлықтай қымбаттайды", — дейді ол.


Маманның болжамынша, заңнамалық өзгерістер күшіне енбей тұрған уақытта тұрғын үй нарығында алып-сату мәмілелері көбеюі мүмкін. Себебі азаматтар ескі талаптармен келісімшарт жасап үлгеруге тырысады.

“Осы жылдың соңғы тоқсанында нарықта белсенділіктің артуы ықтимал. Жалпы, 2025 жылдың соңында нарықта белсенділіктің артқаны байқалса, 2026 жылдың басында тұрғын үй қымбаттауы мүмкін”, деп түйіндейді өз сөзін сарапшы.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
October 9, 2025 324