Еліміздегі орташа және медианалық жалақының көлемі жариялады 2025… — Dala Finance — TG.ME

🧮 Еліміздегі орташа және медианалық жалақының көлемі жариялады 2025 жылдың сәуір айында Ұлттық статистика бюросы жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы қызметкерлердің жалақысына қатысты зерттеу жүргізгені белгілі болды. Оның нәтижесінде жұмысшылардың медианалық жалақысы 317 512 теңгені құрады. "Өткен жылы медиана жалақысы, яғни жалақы мөлшерінің тең жартысынан жоғары және керісінше төмен болатын орталық көрсеткіш 285 677 теңге болған. Осылайша, медиана жалақысының мөлшері бір жыл ішінде 11,1% өскен", деп нақтылайды бюродағылар. ▪️орта білімді жұмысшылардың ай сайынғы орташа жалақысы – 289 673 теңге, ▪️жоғары білімділердікі – 497 563 теңге, ▪️ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысы – 672 493 теңге болды. Ал Сіз қандай жалақы алып жүрсіз?.. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇 https://t.me/dalafinance

October 9, 2025 175 1 1