Шетел валютасында жинақ көп шоғырланған еліміздегі бес банктің аты… — Dala Finance — TG.ME

🧮 Шетел валютасында жинақ көп шоғырланған еліміздегі бес банктің аты аталды

Ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін екінші деңгейдегі банктерде жатқан халықтың салымдарының көлемі 2025 жылғы қыркүйекке қарай 26 трлн теңгеге жетті, оның 22,6 трлн теңгесі (+ 19,3%) мерзімді салымдарды құрайды. Оның ішінде жыл бойында көлемі 10,3%-ға өскен шетел валютасындағы мерзімді салымдарға 4,8 трлн теңге тиесілі.

Мерзімді салымдар - депозиттік бөлшек нарықтың тартымды сегменті. Мерзімді емес салымдар мен ағымдағы шоттардан айырмашылығы, халық оған қаражат жинау үшін ақша салады. Өз кезегінде, жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары мерзімді салымдар нарығының 20%-дан астамын тұрақты түрде құрап, белгілі бір сұранысқа ие. Себебі адамдар ақшасын тиімді жинақтау үшін теңгемен қатар, шетел валютасында да салымдарының болғанын қалайды.

Ranking.kz мәліметінше, Қазақстанның ірі банктері арасында шетел валютасындағы халықтың мерзімді салымдарының жылдық өсімі бойынша абсолютті көшбасшы - Bank RBK болып табылады: +34,8%, 202,2 млрд теңгеге дейін. Шетелдік және ұлттық валютадағы мерзімді салымдардың жиынтық көлемі аталған банкте 27,9%-ға, 538,9 млрд теңгеге дейін өскен. Өз кезегінде жеке тұлғалардың салымдары бір жылда 17,1%-ға, яғни 609,9 млрд теңгеге дейін, ал халық пен бизнестің салымдарын қамтитын жалпы депозиттік көлем 16%-ға, яғни 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Мәселен, Bank RBK-тің артықшылығы сыйақысында: кеңінен қолданысқа ие бір депозитіндегі сыйақы мөлшерлемесі 10%-дан 17,5%-ға дейін (ЖТСМ-10%-дан 18,3%-ға дейін) көтерілген, сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін комиссия алмайды.

ЕДБ арасында шетел валютасындағы халықтың мерзімді салымдарының жылдық өсімі бойынша екінші орында Bereke Bank тұр: +29,9%, 68,9 млрд теңгеге дейін. Банк ЦентрКредит бұл ретте үздік үштікті түйіндейді: + 20,8%, 794,6 млрд теңгеге дейін. Үздік бестікке Freedom Bank (жылына +16,8%) және Kaspi Bank (+16,2%) те енеді.


Жалпы, сектордағы алдыңғы қатардағы үздік 10 банкте мерзімді шетелдік валюта салымдары түрінде жиынтығы 4,7 трлн теңге көлеміндегі ақша (өсім — жылына 10,4%), ал басқа банктерде 2,4 млрд теңге (+6%) жатыр. Екінші деңгейдегі банктердегі жалпы салымдар (теңге және шетел валютасындағы) көлемі 2025 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 44,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 16,8%-ға өскен, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 58,4%-ды (немесе 26,1 трлн теңге) құрайды. Бөлшек салымдардың жалпы көлемінің 99,7%-ы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктерде сақталған: бұл жоғарыда аталған 26 трлн теңге.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
October 9, 2025 134