Вячеслав Ким "Батыс транзит" АҚ басқармасының құрамына енді Бұл… — Dala Finance — TG.ME

🧰 Вячеслав Ким "Батыс транзит" АҚ басқармасының құрамына енді

Бұл туралы Қазақстан қор биржасына ұсынылған хабарламада айтылады. Сонымен қатар Вячеслав Ким компанияның Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

Осылайша "Батыс транзит" басқармасының құрамы бес адамнан тұратын болды:

✔️Дархан Мәуітқанов, басқарма төрағасы;
✔️Қали Қалиев, басқарма мүшесі;
✔️Қуат Айтмұхаметов, басқарма мүшесі;
✔️Бағлан Сафарбекова, басқарма мүшесі;
✔️Вячеслав Ким, басқарма мүшесі.

"Батыс транзит" АҚ 2005 жылы қарашада ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша "Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы өңіраралық электр беру желісінің құрылысы"жобасын іске асыру үшін құрылды. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, "Батыс транзит" АҚ акциялары пакетінің 80%-ы, яғни 24 000 данасы "Мехэнергострой" ЖШС-ға тиесілі, қалған 6 000 данасы ( 20% ) "KEGOC"АҚ-ға тиесілі.

Айта кетсек, 2025 жылы шілде айында банкті кәсіпкер Вячеслав Ким сатып алған болатын. Бұған дейін банк Tele2/Altel-мен Jusan Mobile жобасы бойынша жұмысты тоқтатып, ребрендинг жасаған еді.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
October 9, 2025 127