Құрылыс компанияларына салған тұрғын үй кешендерінің сапасына бес… — Dala Finance — TG.ME

🏗 Құрылыс компанияларына салған тұрғын үй кешендерінің сапасына бес жылға (қазір екі жыл) кепілдік беруі міндеттелмек

Осындай норманы қарастыратын жаңа Құрылыс кодексінің жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұл ретте депутаттар құрылымға, шатырға, қасбетке бөлек 10 жыл кепілдік мерзімін белгілеуді ұсынып отыр. Бұл ұсыныс екінші оқылымда қарастырылатын болады.


Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділерінің ұсынысы бойынша жаңа Құрылыс кодексінің жобасында мүмкіндігі шектеулі жандар, қарт адамдар, жалпы баршаға кедергісіз және жайлы жағдай жасаудың міндетті талаптары белгіленіп көрсетілген. Бұл, негізінен, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, көлік тораптарына және автотұрақтарға қатысты болып келеді. Бұған тұрғын үй кешендері аудандарындағы және мекемелердегі ашық автотұрақтарда қозғалыс мүмкіндігі шектеулі көліктер үшін орындар бөлу жайы да жатады.

Сонымен қатар аумақтардың болашақтағы дамуын ескере отырып, инженерлік инфрақұрылым объектілерін жобалау мен орналастыруға, сондай-ақ қуаттандыру станцияларын көлік және энергетикалық жүйелерге біріктіруге міндетті талаптар қарастырылады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
October 8, 2025 130