Бақытты іздей бермей, неге оны өзіміз жасамасқа? Иә, иә… Бақытты неге… — Basqadam 🐝 — TG.ME

Бақытты іздей бермей, неге оны өзіміз жасамасқа?

Иә, иә…
Бақытты неге өзіміз жасамасқа?

Кейде біз бақытты тым алыстан іздейтін сияқтымыз.
Бір нәрсе орындалса…
бір адам келсе…
бір жерге жетсем…
сонда бақытты боламын деп.

Ал бақыт кейде дәл қазір, Алла саған беріп қойған кішкентай нығметтердің арасында тұр емес пе?

Әткеншек теуіп күлу.
Велосипед үйрену.
Жаңбырдың иісін сезу.
Сағызды дәәәу қылып үрлеп, өзің соған мәз болу.
Жақындарыңмен күлу.
Күннің батуын қарап отыру.

Неге әр қуанышымыздың міндетті түрде үлкен мәні немесе пайдасы болуы керек?

Халал болса, Алладан алыстатпаса, парызыңды ұмыттырмаса, жүрегіңдегі шүкірді көбейтсе және ешкімге зияның тимесе, неге қуанбасқа?

Тіпті кейде сол кішкентай қуаныштың өзі:
Я, Алла, осындай сезімді де маған Сен бердің ғой…”
дегізіп, Раббыңа жақындата түседі.

Бірақ бақыттың өзін өмірдің мақсатына айналдырғым келмейді.

Өйткені бұл дүниеде үнемі бақытты болуға уәде берілген жоқ.
Кей күндері күлеміз, кей күндері жылаймыз.
Кейде жеңілдік, кейде сынақ келеді.

Бірақ екеуінде де Алла бар.

Қуаныш келгенде шүкір.
Қиындық келгенде сабыр.

Сондықтан мен бақытты бір жерден кеп қалар деп күткім келмейді.

Алла берген кішкентай нығметтерді байқап,
халал қуаныштарымды өзім көбейтіп,
соңында:

Я, Алла, бүгін қандай бақытты болдым… Әлхамдулилләһ”
деп ұйықтағым келеді
❤️

Мүмкін, бақыт деген үнемі күліп жүру емес шығар.

Мүмкін, бақыт жүрегіңнің қуанышын да Алламен байланыстыра білу шығар.
❤9🥰3😍1
September 1, 2026 114