Осы жазда мен үйренген пайдасыз, бірақ маған шексіз бақыт сыйлаған… — Basqadam 🐝 — TG.ME

Осы жазда мен үйренген пайдасыз, бірақ маған шексіз бақыт сыйлаған істер 🫣🫶

1) Қалай шапалақтасаң, шапалақтың даусы қатты шығатынын үйрендім.
Иә, достар 😂 Маған бұл өте қатты бақыт сыйлады. Алғаш рет алақанымды шарт еткізіп ұрғанда, кәдімгідей өзімді бір үлкен өнер үйренген адамдай сезіндім. Қай жерде қолданатынымды білмеймін, бірақ білемін 😂

2) Велосипед тебуді бастадым.
Не до конца, әрине 😂 Бірақ басын бастап, 15-20 минуттай өзім тебе алдым. Сол кезде ішімнен: МЕН ВЕЛОСИПЕД ТЕУІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫЫЫН! деп айғайлап келе жаттым 😂Шексіз бақыттымын.
Әлі де толық үйренемін бұйырса…

3) Сағызды анаааандай дәәәәу қып үрлеп, “пық” еткізіп жарып, артынан қайта шайнауды үйрендім.
Осының маған не үшін керек болғанын сұрамаңыздар 😂Бірақ көптен бері үйренгім келетін. Енді сағызды жай шайнап отыру қызық емес.

4) Домалауды үйрендім.
Иә. Домалау 😂 Оны енді қалай түсіндіңіздер, солай түсініңіздер.
Ересек адам боп алып домалап, оған мәз болу да бір бөлек бақыт екен.

5) Әткеншекті ішім “выжж-выжж” боп, ішім өзінен-өзі күлгенше тебуді қайта үйрендім. Баяғы бала кездегідей барынша биікке ұшып, төмен түскен сайын ішің біртүрлі боп кетеді ғой 😂 Сол сезімді қатты сағыныппын. Бір кезде өзімнің себепсіз дауыстап күліп отырғанымды байқадым.

6) Екі саусақпен қатты ысқыруды үйренгім келеді. Әзірге шықпайды 😂 Ауаның бәрін шығарып, өзім ғана шаршап қаламын. Бірақ бір күні аяқ астынан қатты ысқырып кетсем, оны да жеке жетістігім ретінде атап өтемін. Көршілер алдын ала кешірсін.

Тағы тасты су бетімен секіртіп лақтыруды, суда арқамен қалқып жатуды, қағаз ұшақты алыыысқа ұшыруды үйренгім келеді.

Сөйтсем, осы жазда мен жаңа нәрселер үйренбеппін.

Бала кезімде үйренбей қалған кішкентай қуаныштарымды жинап жүріппін.

Ең қызығы, бұлардың ешқайсысы мені ақылдырақ, байырақ немесе табыстырақ етпейді. Ешқайсысын резюмеме де жаза алмаймын 😂

Бірақ осы жазда мен өзіме бір нәрсені дәлелдеуге емес, жай ғана қуануға болатын нәрселерді үйреніппін.

Қысқасы, пайдалы нәрселерді аз үйренген шығармын.

Бірақ қатты шапалақтауды, велосипед тебуді, сағыз жаруды, домалауды және ішім күлгенше әткеншек тебуді үйрендім.

Жаман жаз болмапты ғой 😂
🫶
😍9😁4🤓2🐳1
September 1, 2026 121 1