Жаздың соңғы күні… 🍂 Бүгін бір сәт тоқтап, өткен үш айға қарашы… — Basqadam 🐝 — TG.ME

Жаздың соңғы күні… 🍂

Бүгін бір сәт тоқтап,
өткен үш айға қарашы.
Алла саған қаншама күнді аман өткізуді нәсіп етті. Қаншама қуаныш сыйлады, қаншама сынақ арқылы жүрегіңді тәрбиеледі. Кейбір дұғаларыңа жауап берді, кейбірін сен үшін ең қайырлы уақытқа қалдырды. Кейбір нәрсені берді, кейбірінен қорғады.

Сен жеңіс деп санаған сәттерің
үшін де, кезінде түсіне алмаған тағдырларың үшін де:

Әлхамдулилләһ де.

Өйткені мүміннің өмірінде
Алланың қалауынан тыс қалған
бірде-бір парақ жоқ.

Енді алдыңда жаңа бір мезгіл
күз тұр. Оны үлкен үмітпен емес,
ең алдымен Аллаға тәуекел еткен жүрекпен аш.

Уа, Алла, өткеніме береке бер, қателігімді кешір, алған сабағымды ұмыттырма. Алдымдағы күндерді Өзіңе жақындататын, иманымды арттыратын, жүрегіме тыныштық сыйлайтын қайырлы күндерден ете гөр. Мен күтпеген жерден қайырыңды нәсіп етіп, мен білмейтін жамандықтан сақтай гөр.

Күздің не алып келетінін біз білмейміз.
Бірақ оны жазған Раббымыздың аса Мейірімді екенін білеміз 💛
❤13🕊2🍓1
August 31, 2026 146 2