ТАНИСЫҢ БА СЕН МЕНІ
أَمۡ لَمۡ يَعۡرِفُواْ رَسُولَهُمۡ فَهُمۡ لَهُۥ مُنكِرُونَ
Әлде өздеріне келген (һәм бүкіл ғұмыры көз алдарында өткен) пайғамбарды мүлдем танымағандықтан оны мойындамай отыр ма?
Аталмыш аяттың түсіндірмесінде тәпсірші ғалымдар адасушылық пен тура жолдан ауытқудың басты себебі - Алла елшісін танымау деген.
Тануымызға түрткі болар негізгі жайт - Алла елшісінің өмірдің барлық саласында жетістікке жете білуінде. Біріміз үй мықты болсақ, біріміз түзде мықтымыз. Екеуінің басын қосқан жандар кемде-кем. Ал, пайғамбарымыз ондай емес. Соған сай ориенталистерден қалған мынадай сөз бар: "Күн шуағының астында дүниеге келген жалғыз адам". Яғни өмірінің сай-саласының, бүге-шүгесінің барлығы толық зерттелген жалғыз тұлға.
Құдай Тағала бізді өмір атты майданға ізгі болсын деп жіберіп, ізгіліктің эталоны болар тұлғаны да қатар жіберді. Ізгі бол деп інінен көз жазған сарышұнақтай тентіретіп қойған жоқ. Таны, біл, үйрен деп ізгі тұлғасын жіберді. Ізгіліктің ізінен ермек үшін ізденіп, ілгері жылжу қажет.
#сира