Аударма жасау барысында басты назарда ұстау керек болған мәселердің бірі — қазақ тіл біліміндегі күрделі етістік немесе нақтырақ айтқанда етістіктің аналитикалық формасы. Күрделі етістік яки етістіктің аналитикалық формасы дегеніміз — құрамы екі етістіктің тіркесуінен тұратын, күрделі қимылды білдіретін дербес лексикалық бірліктер. Мысалы: оқып отыр, біліп жатыр, жиналып тұр.
Бұндай сөзжасам төмендегідей құрылымнан тұрады:
Көріп жатырмын = көріп (негізгі етістік, көсемше) + жатырмын (қосымша етістік).
Осы құрылымға сай, негізгі етістік сөйлемдегі негізгі мағынаны білдірсе, қосымша етістік қимылдың орындалу сипатын, мезгілін, аяқталғанын, басталғанын, жалғасып жатқанын т.б. білдіреді.
Кейде негізгі етістігі бірдей болғанымен, қосымша етістігі басқа болса мағына өзгереді. Мәселен жақында шәкірт пен ұстаз арасындағы байланыс туралы жазба оқып қалып, онда шәкірт басқа ұстаздан пайда көріп жүрсе деп жазылған екен. Бұл жерде негізі пайда алу етісгінің қолданылғаны жөн еді. Себебі пайда көру сөзі көп жағдайда — олжалы болу, табыс табу және нәтижесін көрді деген мағыналарда қолданылады. Мысалы:
Жоқ... жо-жоқ, атамаңыз.Қайдағы зиян, қайта таудай
пайда көрдім
, - деді Орекең (М. Сәрсекеев).
Ізгі дұға етіңіз, Айтқанымды қылмасаң.
Пайдасын
өзің
көресің,
Ғибадат қылып Аллаға, Бір жаныңдынұрласаң (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
Осы тұста бір адам енді ұстаздан пайда алсаң, оны өзгеге үйретсең, пайдасын көріп жатырсың ғой, деп тәуил жасаса, тілде қандай қолданыс бар соны қолдану керек және тілде аналогия жоқ деп қысқа қайырамыз.
#тілбіл
