НЕ ҮШІН ТАНУ
Кейде мұсылман адам ретінде Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын білудің қандай пайдасы бар деген сауал қаперімізге келеді. Ойлы жанға осындай сұрақтың келмегі де орынды. Қысқа қайырғанда, сираны білудің мынадай төрт пайдасы бар екен:
— Алланың жер бетіндегі жаратқан ең ұлық тұлғасын танып жатырмыз;
— Сираны білмесек, оны танымасақ Алла елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көре алмаймыз. Өз кезегінде Алла Тағала оны жақсы көруге бұйырған.
— Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білсек құтылатын, танымасақ күліміз көкке ұшатын жалғыз тұлға.
— Сираны білу — Құранды түсінудің кілті.
#сира
2August 19, 2026 77