Сенің ең әлсіз жерің
сенің ең қатты жақсы көрген нәрсең болуы мүмкін.
Өйткені адам көбіне
дұшпанымен емес,
жүрегі байланып қалған нәрсемен сынаққа түседі.
Кейде ол - адам.
Кейде ол - арман.
Кейде ол - күткен нәрсе.
Кейде ол - “осыны ғана берші, Алла” деп сұрап жүрген дүниең.
Біз сынақ десе бірден қайғыны елестетеміз.
Жоғалтуды елестетеміз.
Жоқшылықты елестетеміз.
Бірақ кейбір сынақ
айырылу боп келмейді.
Кейбір сынақ
махаббат боп келеді.
Кейбір сынақ
жүрегіңе тым қымбат болған нәрсе боп келеді.
Сол кезде жүректің шындығы ашылады.
Сен жақсы көргенің үшін шектен шығып кетпейсің бе?
Сол нәрсе үшін Алланың разылығынан аттап кетпейсің бе?
Нығметке байланып қалып, оны берген Алланы ұмытып кетпейсің бе?
Сезіміңе ие бола аласың ба?
Сабыр сақтай аласың ба?
Егер ол саған бұйырмаса, қабылдай аласың ба?
Егер ол кетсе, құламай қала аласың ба?
Егер ол қалса, шүкір ете аласың ба?
Кейде адам:
“Мен мұны жай ғана жақсы көремін”
деп ойлайды.
Бірақ уақыт өте келе
сол жақсы көрген нәрсесі
оның жүрегіндегі орнын көрсетеді.
Алланың орнын басып бара жатқан жоқ па?
Жүректі тым қатты байлап алған жоқ па?
Адамды әлсіретіп, Алладан алыстатып жатқан жоқ па?
Өйткені бұл дүниеде сен сүйген әр нәрсе
саған міндетті түрде мәңгілікке берілмейді.
Кейбірін Алла береді
шүкіріңді көру үшін.
Кейбірін кешіктіреді
сабырыңды көру үшін.
Кейбірін бермейді
жүрегіңді тазарту үшін.
Кейбірін тартып алады
өйткені сен нығметке емес,
Нығмет Берушіге байланып үйренуің керек.
Сондықтан адамға ең ауыр сынақ кейде
жек көретін нәрсе емес.
Ең ауыр сынақ
өзі ең қатты жақсы көрген нәрсе.
Себебі адамды құлататын да,
адамды өсіретін де
жүрегінің қайда байланғаны.
Сол үшін жүректі жиі тексеріп тұру керек:
Мен мұны Алла үшін жақсы көріп жүрмін бе?
Әлде бұл нәрсе жүрегімді Алладан бұрып бара ма?
Мен мұны жоғалтсам, Аллаға жақындаймын ба, әлде өкпелеймін бе?
Мен мұны алсам, шүкір етемін бе, әлде тәкаппарланып кетемін бе?
Ақиқатында,
адам тек жоқ нәрсемен емес,
бар нәрсемен де сыналады.
Тек қайғымен емес,
қуанышпен де сыналады.
Тек айырылумен емес,
қауышумен де сыналады.
Тек жарамен емес,
махаббатпен де сыналады.
Сондықтан сен жақсы көрген нәрсеңе қара. Сол жерде сенің сынағың жатуы мүмкін.
Ал ең үлкен жеңіс
сүйгеніңе жету емес.
Ең үлкен жеңіс
сүйгеніңнің кесірінен
Алладан алыстап кетпеу.
Ең үлкен жеңіс
жүрегіңде бәрінен жоғары
Алланы қалдыру.
Өйткені жүрек кімге байланса,
адам соған қарай кетеді.