Сенсіз күн мәртебесіз кешкем анық,
Шуақты, нұр сәулелі өшпе Жарық!
Таулардай Астанадан бұлт көшеді,
Сен жүрген Алматыны еске салып.
Ойласам дертім бұл күн тұр асқынып,
Балалап біраз ойдан біраз күдік…
Қызарып күн батады ұясына,
Қызуын сағынышқа ұластырып.
Бойыма дауа болған бал шарабым,
Мен қашан Өзіңменен қауыша аламын?..
…Аспаннан жұлдыз іздеп бір бала өтті,
Ал менің жалғыз жұлдыз аңсағаным…
Тамыз, 2026




