алдын емханаға барған едім.
кезекте отырсам, бір егде жастағы орыс апай келіп, қарама-қарсы есіктің ашық па екенін сұрады, ашық емес деп жауап бердім, жанында жазылған қағазға қарады да, орысшалап мұнда қазақша жазылған екен, түсінбедім, айтып бере аласыз ба деді, қарадым да үндемей отыра бердім.
қасымда үлкендеу қазақ апай отырған, барып орысшаға аударып берді, аударып кеп ап, ашуға килікті, бізге күлгенде қандай, Маңғыстауға біз бірінші көшіп келдік, біз осы жердің тұрғылықты тұрғындарымыз дегенде қандай, неше жыл болды, қазақ тілін үйреніп алатын уақыттары, әлі күнге дейін көкіректерін кереді деп қойып әкетті.
апам бетіне айта алмады, бірақ апам бірінші адамдықты алға қойды, сен түсінбесең, мен сенің тіліңде саған түсіндіріп берейін деді, ашуланып тұрса да, көмек қолын созды, құлдық сана емес, апамның кеңдігі деп түсіндім.
соңғы болып жатқан оқиғаға байланысты да қоса айтқым келеді, тілді сізбен біз керек етпесек, құрметтемесек, ол тілде күнделікті тұрмыста сөйлемесек, сол тілде қызмет алуды талап ете алмасақ, тіл бізді керек етпейді()
тіл мәселесіне байланысты қаншама оқиғалар орын алып жатқанын көрсе де, оның түбі не нәрсеге алып келгендігін білсе де, сабақ ала алмай жатқан сізге обал жоқ.
сүйте тұра, қазір кәнсілдеу оңай кезеңдеміз, бұ бизнес, ал сіздікі критика емес, “травля” деуіңіз қаншалықты орынды(
қатеден сабақ ала алмағанның жегені таяқ болады.
жасағаны опат болады.
(соңы жақсылық болсын)