осы жақында медреседе жүргенде, демалыс уақытын көбіне бөлмеде жалғыз қалып, кітап оқумен өткізетінмін. күндердің бір күні кезек Имам Ғазалидің «Тіл кесапаты» деген кітабына келген еді. әзілдесу бабын оқып отырғам. бір кезде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір әзілін оқып қарқылдап күлмесім бар ма. еще жан жағыма қарап қоям ғой, ешкім естіп қоймады ма деп. әә бөлмеде тек мен екенмін ғой, иә. қатты күлдім бірақ. содан бұл керемет әзілге неге мен ғана қарық болуым керек деп, артынан бөлмемнен шығып медресенің дәліздерін шарлап кеткенім бар. іште бір қыздан басқа жан жоқ. ана әзілді оқып оны күлдірдім де, басқа адам іздеп кеттім. сөйтсем бәрі далада доп қуып жүр екен. сыртқа шығып бос әткеншекке отырдым да, жаңағы әзілді қайта оқып, тағы күлдім қарқылдап. қыздар да қызығып қасыма жинала қалды. бәрекелді! оларға да сол әзілді оқып бердім. күлді, бірақ түрлеріне қарасам, менің мәз болғаным үшін ғана күлген сияқты.🤣неге екенін білмедім, өзіме қатты өтіп кетті әйтеуір.
өй қысқасы, негізі мына нәрсені ойлап отырып есіме түсіп кетті бұл зат: біздің қарапайым өз арамыздағы қарым-қатынас. ол жерде де бір-біріңді мысқылдап, "жасырын" мазақ етіп күлуіміздің де Алланың өз аятымен салып берген әдебінен тайғанымыз екенін көп ұмытамыз ба деймін. кейде адамдар арасында отырып осындай әдепсіздіктің үстінен ұсталып ұялып кететінім бар. күлсек те, әзілдесек те әдеппен қылуды қашан үйренеді екенбіз. әзіліміздің де мақсат-ниеті дұрыс болу керек екенін қашан түсінеді екенбіз деген сұрақ.
ал біздің Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әзілдері сондай сүйкімді әрі әдемі болған екен ғой шіркін!