Өмір – таңдаулардан тұрады.
🫀Күн сайын біз жүздеген таңдау жасаймыз. Сағат нешеде оянатынымызды таңдаймыз. Не жейтінімізді таңдаймыз. Қайда баратынымызды, кіммен араласатынымызды, уақытымызды неге жұмсайтынымызды таңдаймыз. Тіпті қай жерде құлшылық ететінімізге дейін – бәрі таңдау.
🌿Кейде біз үлкен шешімдер ғана өмірімізді өзгертеді деп ойлаймыз. Бірақ шын мәнінде, өмірімізді күн сайынғы кішкентай таңдаулар қалыптастырады.
Бүгінгі өмірің – кешегі таңдауларыңның нәтижесі.🍀
🌺Иә, тағдыр бар. Оған күмән жоқ. Бірақ Алла Тағала бізге таңдау еркіндігін де берген. Тағдырыңда жазылған межеге қай жолмен жететінің – көп жағдайда өз таңдауыңа байланысты.
🌼Әр адамның өмірінде өзгермейтін нәрселер болады. Бірақ соған қарамастан, әр күніңде саған таңдау беріледі.
🪷Ұнамайтын жұмыста қала беру де – таңдау.
Өзіңді дамыту да – таңдау.
Қорқыныштың жетегінде жүру де – таңдау.
Мүмкіндікті көріп, әрекет ету де – таңдау.
🌾Көп адам өмірінің өзгермегеніне тағдырды кінәлайды. Ал кейде өзгермеген өмірдің себебі – өзгермеген таңдау болуы мүмкін.
🌻Егер өміріңнің басқа болғанын қаласаң, ең алдымен таңдауыңды өзгерт.
Өйткені үлкен өзгерістер бір күнде емес, күн сайын жасалған дұрыс таңдаулардан басталады.