Көпшілікке затым ұяң, тұйық, нәзік… Барлық толғаныстарым ішімде, ойларымды да тек жақын адамдарыма айтамын. Игілікке үмітшеңмін, жақсылыққа сенгішпін, кейде баладай аңқаумын. Ұнамаған дүнием бетімде тұрады, адамның көңілін қатты ойлаймын, сезгішпін. Жақындарыма соңғы нәрсемді беріп жіберемін, есеппен емес, жүрекпен араласамын. Ешкімге жүк артқым келмейді, барынша өз дөңгелегімді өзім домалатуға тырысамын. Өзіме ең қатал сыншымын, жақындарыма барынша қолдаушымын…
#UN_notes
15
1June 8, 2026 315 1 5