бақытсыз емеспін, өз-өзіме толықпын, бүтінмін, шүкір. сенің болмысың туралы, сені жолықтыратын сәт туралы ойларым да сиреген. бұны мен есейгіндігім деп білемін.
тек кейбір сәтте кеуде тұсты жарып, айнала бойын маздатып ұшатын беймазалықты басар деп, өзіме жексұрын болып көрінетін ара-тұра орнайтын бір тыныштықты бөлісер деп, көзге мөлтілдеп келетін нәзік бір тамшы жасты сүртер деп, бақ болып кенет қона қалатын қуанышты көбейтер деп өзіңді мұңая емес, үздіге емес, сарыла емес, қуана қиялдап, ойларыма ерік беремін, белгісізім.
#UN_notes
12September 2, 2026 98 2