Я, Раббым…
Тағдырыма жазылмаған нәрсенің соңынан мені жүгіртпе.
Мені сүймейтін жанды жүрегіме байлатпа.
Өтпелі сезімдерге алданып, жүрегімді жаралаудан Өзің сақта.
Өзің сүйген құлдарыңа мені жақын ет,
Разылығың бар жүректерге мені серік қыл.
Мен аңсаған қиялдарды емес,
Өзің мен үшін таңдаған қайырлы, берекелі әрі баянды армандарды жүрегіме сал.
Өйткені Сенің таңдағаның — мен қалағаннан да дана,
Сенің жазғаның — мен ойлағаннан да қауіпсіз.
Я, Раббым…
Осы қасиетті Рамазан айын шынайы ықыласпен, таза ниетпен өткізуімді нәсіп ет.
Бұл айда жүрегімді тазарт, иманымды күшейт,
Өзіңе бір қадам емес, жүз қадам жақындат.
Қабыл болатын дұғаларды тіліме сал.
Жүрегімді мейіріміңмен жұмсарт.
Мені иманды, көркем мінезді, ниеті таза адамдармен жолықтыр.
Жан дүниеме сабыр, тыныштық және нық сенім сыйла.
Сенен сұраймын…
Өйткені Сенен басқа сұрайтын ешкімім жоқ.
Есігіңе келдім, Я, Раббым,
Барар басқа есігім, таянар басқа тірегім жоқ.
February 19, 2026 606 25