Студенттерге жаңа оқу жылына айтар кеңестерім:
• Кез-келген сабақта жаңа тақырып өтпес бұрын үйде зерттеп, алдын-ала ізден. Егер арабша мәтіндермен сабақ өткізілетін болса, алдын-ала аудармай барма! Сенің ілім ізденуші екендігіңді көрсететін амал осы.
• 4 жыл оқимыз деп келдіңіз бе? Ендеше басқа нәрсемен басыңыз ауырмасын) Қыдырып та, тұрмысқа шығып та, ойнап та үлгересіз. Тек қазір емес)
• Төрт жылыңыз біткенге дейін сізді басқа жаққа алып кеткісі келетін дүниелер болады. Тіпті, рұқсат етілген нәрселерден де сақ болғайсыз...
• Ұстаздар жағымпаздық қылу қылығыңызбен болмасын. Қылығыңызды сонау ата-анаңыздың үйінде тастай тұрыңыз. Кейін жолдасыңыздың үйіне барарда алып кетесіз сол кезде қаттырақ керек)
Жәй ғана алдыңғы орынға отырып, сабақты зейін қойып тыңдап, білім мен әдепте озық болсаңыз жеткілікті. Ұстаздар ондайды қатты байқайды.
• Рухани хәліңіз ләйліп жүрсе білім қонбай, жәй ғана уақытша бас жағыңызда қона алмай ұшып жүреді де, диплом алған соң басқа жаққа ұшып кетеді)
• Құран жаттап бірақ сабағыңыз жайына қалып жатса ұғыңыз сіз қарилық медреседе емессіз. Бакалаврдың дипломының сұрауы бар... Сабағыңыз бірінші орында. 🤍
• Ата-анадан болдым, кеттім, өстім, оңдым демеңіз. Хабарласып, әр маңызды сәтте батасын алуды ұмытпаңыз❤️
Қыз баласының университетке түсті дегені махрамның рұқсатынсыз шығуға болады деген сөз емес. Бір жаққа барсаңыз рұқсатын аласыз.
• Инстаграм, гүлге толы стористер, сәнді киімдер сенің теңің емес. Уақытша тәрк ету қажет болады немесе мәңгіге))
• Таңғы-кешкі дұға, университет табалдырығынан өтіп бара жатсаңыз да Алланың Фәттәх есімін көп айтыңыз, фатиханы оқыңыз. Дұғасыз алынған ілім қауіпті!
• Таңғы уақыттың берекесінен құр қалмаңыз. Онсыз толиб толиб емес.
• Дұрыс тамақтаныңыз. Өзіңізге тамақ істеуден ерінбеңіз. Жыл сайын анализдер тапсырып витаминдер қабылдаңыз. Денсаулық болмаса ешкім емессің.
• 4 жылым көп екен деп ойламаңыз. 4 күндей өте шығады❤️🩹
Алғыңыз келетінін аларсыз құрметтім🌷🌸
Қатты айтты демеңіз, бастан сипайтындар жетеді...
Жаңа оқу жылына сәттілік ✨








