Жарнама - cіздің танымал еместігіңіз үшін төленетін айыппұл
Негізі, орысшасы түсініктірек сияқты ма деп қоям. Реклама - это штраф за вашу неизвестность
Неге бұл тіркес маңызды? Біз жарнамамен айналысамыз және клиенттерге қызмет көрсеткенде тек продажа емес, танымалдылыққа да жұмыс жасауымыз керек
Сол үшін проект алатын кезде, тек холодный трафикке ғана емес, жылы трафикке де жұмыс жасайтыныңызды айтып, қосымша продукт ұсныңыз
Жылы трафикті дамыту клиентке де пайдалы, сіздің де жұмысыңызды жеңілдетеді
Ал, танымал болған компаниядан қызмет алу оңай, тиімді және ми ашу жоқ. Адамдар үйреніп қалған әдеттерін өте сирек ауыстырады
Мен мысалы, Алматы қаласында родной бургер, смаг бургер, бродвей бургер, бекбота бургер, батыр бургер, хот бургер ..... тізе берсең кетеді береді, осылардың ешқайсысын жемеппін
Себебі, реті келіп бургер алар болсам, ләйім баханди заказ береді екем. Үйреншікті әдет
Gippo, Salam bro бургерлерін білем, бірақ қайта барып жемейтіндей болғам. Ал басқа бургерлерде менің назарымды жаулап алып, бургерлеріне үйретіп алуға шанстары бар, но не факт)
Әрине, тым қызықты бір ұсыныс жасаса, дәм тата алам. Ал дәм татқанда қатты ұнап қалса, бірнеше рет аламын, ал сол бірнеше рет ойымнан шықса, мен и баханди и назарымды жаулаған бургерді заказ беретін боламын
Әзірге атын Алмас бургер дейікші. Болашақта менің назарымды жаулауға Алмас бургер тырыспаса да болады. Себебі, бургер десе, мен уже сразу ойыма либо баханди либо Алмас бургер келеді
Ал мен сияқты 1000 адам болса, айына кемі бір рет жеймін десем, Алмас бургерде ықтималдылық теориясымен 600-700 бургер точно сатылады. Ал жиі жейтін болсам ше? Ал жалғымз жемейтін болсам ше?
Сол үшін жылы аудиторияға жұмыс жасау керек. Сарафанканы көтеретін жылы аудитория
Холодный трафикпен 1-2, максимум 3 ай жұмыс жасағаннан кейін, клиентіңізді жылы аудиторияға да жұмыс жасау бойынша ұсыныс жасаңыз. Ол жұмысыңыздың бір бөлігі болуы мүмкін немесе қосымша сммщик алуы керек болуы мүмкін. Дегенмен, түбінде ақталатын нәрсе, ұзақ жұмыс жасауға көмектесетін нәрсе
#targetInsight
@almasnahypbek