Fizmat AI Olympiad (FAIO) Бейжіңдегі дүниежүзілік олимпиададан кейінгі серпінін жоғалтпай, алға қарай қадам басып - енді халықаралық деңгейге шыққалы жатыр!
Бұл біз үшін ерекше олимпиада: былтыр дәл осы байқаудан Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған ЖИ сайыстары басталған еді. Ол үлкен серпіліс беріп, ЖИ саласының дамуына жол ашты. Ең бастысы, біздің оқушылардың әлемдік аренадағы жетістіктеріне ықпал етті.
FAIO енді осы брендті сақтап, жан-жақты дамытқысы келеді.
Алдарыңызда - алғашқы халықаралық FAIO! Уақыт өте келе әлемдік ЖИ олимпиадалардың біріне айналады деп сенеміз
28 қыркүйек: онлайн-іріктеу
30–31 қазан: оффлайн-финал
Сайт: faio.kz
Олимпиада чаты: t.me/fizmatai
Өткен жылғы шараны көргіңіз келсе
Өткен жылы барлық тапсырмаларды өздері жасады, биыл компанияларды да тартқылары келеді. Егер деректеріңізді анонимдеп, есеп ретінде ұсынуға мүмкіндік болса - мархаббат! Ал жай ғана тапсырма құрастыруға қызығатын энтузиастар да қош келдіңіздер!
Серіктестер мен демеушілер іздейді. Компания логотипі барлық материалда болады, бұқаралық ақпарат құралдарында аталып өтеді, ең бастысы - болашақ таланттар арасында кеңінен танылады.
@khan17ds немесе @kuanyshoteu
Дереккөз


