Higgsfield AI - Қазақстандағы алғашқы «единорог» стартап! Компанияның… — Digital Dala — TG.ME

🦄 Higgsfield AI - Қазақстандағы алғашқы «единорог» стартап!

Компанияның құны 1 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Higgsfield AI-дың негізін қалаушылардың бірі Алекс Машрабов ресми жариялады.

Higgsfield AI Ерзат Дулат пен Алекс Машрабов негізін қалаған. Стартаптың басты бағыты - генеративті видео технологияларын дамыту. Яғни, қарапайым мәтіндік сұраныстан бірегей видеоконтент жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Higgsfield өнімдерін әлемдік деңгейдегі брендтер мен контент жасаушылар қолданып жүр, ал аудиториясы миллиондаған қолданушыға жетеді
🌎

❓ «Единорог стартап» дегеніміз не?

🦄 Нарықтағы бағасы 1 миллиард доллардан асқан жеке компания. Яғни, мұндай деңгейге жету стартаптың табысты бизнес үлгісін құрғанын және әлемдік нарықта үлкен сенімге ие болғанын көрсетеді.

🇰🇿 Higgsfield AI - осындай деңгейге шыққан Қазақстандағы алғашқы стартап. Еліміздің IT саласы үшін тарихи жетістік!
✨

#IT_жаңалық
@DigitalDala
🔥20❤3❤‍🔥2
September 29, 2025 514 7