Shekaradan Tys AI Lab
#10 шығарылым
IT-маманнан құлдыққа дейін: Мьянмадағы скам-орталықтар ЖИ-ді қалай қолданады?
Жақында «Спектр» YouTube арнасында Мьянмадағы KK Park скам-орталығында тұтқында болған отандасымыз Сәкеннің сұхбаты шықты. Бұл оқиға ИИ технологияларының қылмыскерлер қолында қаншалықты қауіпті болатынын көрсетеді.
ИИ-аватарлар мен «Бутафорлық бөлмелер»
Скам-орталықтарда жұмыс істеу үшін ИИ-дің ең соңғы жетістіктері қолданылады:
1. ИИ-маскалар (AI Masks): Скам-орталық ішінде арнайы бөлмелер бар. Болаттай суық қабырғалардың ішінде отырып-ақ, оператор ИИ-маска арқылы видеоқоңырау кезінде өзін сымбатты миллионер немесе сұлу қыз ретінде көрсете алады. Ол маскалар адамның мимикасын (көз қысу, күлу) 100% қайталайды.
2. Дауыс клондау (Voice Cloning): Қылмыскерлерге адамның дауысын айнытпай салу үшін небәрі бірнеше секундтық аудио жазба жеткілікті. Бұл «emergency scam» (туысқаныңа көмек керек) схемаларында сәтті қолданылуда.
3. ЖИ-профильдер: Әр «құлға» 200-ге жуық ИИ арқылы жасалған, тарихы терең жазылған жалған аккаунттар беріледі.
Тұзақ қалай құрылады?
Сәкенге айына 4000 доллар жалақы мен Бангкоктағы пәтер уәде етілген. Оған жіберілген компания сайты ИИ-сайт құрастырғыштар арқылы жасалған фейк болып шықты. Мұндай сайттар қазір бірнеше минутта жасалады және түпнұсқадан ажырату қиын.
Қазақстандағы жағдай:
Біздің ІІМ деректері бойынша, 2025 жылы Қазақстанда 84,5 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталған. Еліміз 2026 жылды «ЖИ және цифрландыру жылы» деп жариялағанымен, бұл технологияның қорғаныс жағын да күшейтуді талап етеді.
Не істеу керек? Біздің кеңестер:
1. Құпия сөз (Safe Word): Туыстарыңызбен тек өздеріңіз ғана білетін құпия сөз бекітіңіздер. Егер «жақыныңыз» хабарласып, ақша сұраса, сол сөзді сұраңыз.
2. Эмоцияға берілмеу: Скам-орталықтарда «психологиялық қысым» тактикасы қолданылады (шұғыл ақша керек, полиция ұстап кетті). Тоқтап, дем алып, жақыныңыздың ескі нөміріне қайта хабарласыңыз.
3. Шетелдегі күдікті вакансиялар: Егер сізді Бангкокка шақырып, бірақ «шекара маңындағы офис» десе бұл 99% скам-орталық.
ЖИ бұл тек ыңғайлылық емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Сақ болыңыздар!
БАҚ мақаласына сілтеме
Forwarded fromShekaradan Tys

4February 8, 2026 412 2