«Әділдік деген не?» деген қарапайым сауалға әр қазақстандық өзінше жауап берді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған ашық микрофонда жиналған пікірлердің басты лейтмотиві - адалдық, жаңа технологиялар және әлеуметтік теңдік болды.
Ален Бейсенбеков:
«Біз әділ қоғамда өмір сүруге лайықтымыз, ол үшін ең алдымен өзімізге адал болуымыз керек. Менің арманымдағы Қазақстан - жасанды интеллект дамыған, IT саласы озық, тіпті аэротаксиі бар заманауи мемлекет».
Махаббат Мусина:
«Ата-анам кішкентайымнан "сенімді ақта, әр ісіңе адал бол әрі жауапкершіліктен қорықпа" деп үйретті. Мен үшін әділдік осы қарапайым қағидалардан тұрады».
Қатысушылар ел дамуын білім сапасы, тұрақты жалақы, лайықты зейнетақы және әр азаматтың жеке жауапкершілігімен байланыстырады.



