Журналист Самал Ибраева өз телеграм арнасына ондаған жылдар бойы Парламенттен шықпаған өкілдердің менмендік пен тәкаппарлық ауруына шалдыққаны мен мұндай ескі кодтың жаңа заманға мүлде келмейтінін жазады.
Самал Ертісбаевтың тонына дәл назар аударды. Саяси бәсеке қатты болуы мүмкін, пікірталас өткір болуы мүмкін. Бірақ оппонентті кемсіту мен интеллектуалдық үстемдік көрсету басқа нәрсе. Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті бұдан арылуы тиіс.
"Перуашевтің «Штрафстан» деген сөзіне қатысты да ойланатын нәрсе бар. Елдегі проблеманы сынау бір бөлек, ал мемлекетті сырт көзге кемсітетін атаумен таңбалау бір бөлек. Саясаткер айтқан әр сөзінің елдің ішкі аудиториясына ғана емес, сыртқы имиджіне де әсер ететінін түсінуі керек".
Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес, адамдарында болуы тиіс.
Қазақстанға енді бұрынғы саяси сахнаның мәңгілік кейіпкерлерін қайта-қайта айналдыра беру емес, жаңа саяси элита қалыптастыру маңызды. Құрылтай шын мәнінде жаңарудың институтына айналғысы келсе, онда оның ішінде де жаңа Қазақстанның адамдары отыруы керек.
https://t.me/dalainside


