Бақыт кейде бар жарығын таңға сақтап қояды екен… Таңертең көзімді… — Basqadam 🐝 — TG.ME

Бақыт кейде бар жарығын
таңға сақтап қояды екен…

Таңертең көзімді ашсам,
алдымда осындай көрініс… 🥹

Кеше анау кішкентай ғарышкерімнің батарейкасы отырып қалыпты. Ұйықтар алдында қанша шұқылап, батарейкаларының орнын ауыстырып көрдім. Тіпті:

- Жана ғойшы… Әшейін бір жансаң болды, сосын ұйықтаймын…
деп жалынып та алдым.

Бірақ көндіре алмадым. Жанбай қойды…
Батарейкалары тым ескі еді, енді мүлдем жанбайтын шығар деп, өзім ұйықтап кеттім.

Ал таңертең қарасам, осылай жарқырап тұр…
Сөйтсем, бар жарығын таңға сақтап, мені оянғанымда осындай әдемі көрініспен қарсы алғысы келіпті ғой… Қызық, иә?
🥹

Бақыт…

Ал қасындағы гүлдерді айтсаңызшы…
Тұмаумен арпалысып, бірнеше күннен бері еш иіс сезбей жатқан мұрнымның өзі мына гүлдердің жұпарын сезіп, мәз боп қалды.

Бәлкім, бақыт дегеніміз
біз күтіп жүрген алып оқиғалар емес шығар…

Кейде бақыт
түнде жанбай қалған кішкентай шамның таңертең жарқырауы;
дәл уақытында келген бір құшақ гүл,
иіс сезбей жүргенде қайта сезілген жұпар,
және осының бәріне баладай қуана алатын жүрек…

Осындай кішкентай боп көрінгенімен, жүрекке тұтас бір әлем сыйғызатын бақыттардан айырмасыншы…

Алла бізге бақытты ғана емес,
оны байқап, танып, шүкір ете алатын жүрек те нәсіп етсін…
🤍
❤14🥰3🐳1
September 22, 2026 132 2