Жазда “өміріме аса пайдасы жоқ, бірақ мені бақытты еткен” нәрселерді үйреніп едім ғой😂
Енді күзді де жай ғана өткізіп жібермей, күз екенін сезініп қалғым келеді.
Әзірге тізімім:
1. Құрғақ жапырақтарды әдейі сықырлатып басып жүру 🍂
2. Ең әдемі сары, қызыл жапырақтарды жинап, кітаптың арасына салып кептіру.
3. Дәәәу жапырақ үйіндісін тауып, ортасына секіру 😂
4. Жаңбырдан кейін резеңке етік киіп, шалшықтарды әдейі басып жүру.
5. Жаңбырлы күні қолшатырмен ешқайда асықпай ұзақ серуендеу ☔️
6. Каштан жинау. Не істейтінімді кейін ойланамыз 😂
7. Өзіме кішкентай күзгі гербарий жасау 🍁
8. Салқын кештердің бірінде термосқа ыстық шай немесе какао құйып алып, далада ішу.
9. Алма мен даршынның иісі бүкіл үйге тарайтындай алма бәлішін пісіру
10. Жаңбыр жауып тұрғанда терезенің алдында пледке оранып кітап оқу.
11. Ауыздан алғаш бу шыққан суық таңды ұстап алып, кішкентай бала сияқты қайта-қайта “һууу” деп көру 😂
12. Күздің ең әдемі күнінде жапырақтарды аспанға лақтырып фотоға түсу.
13. Жаңбыр тоқтағаннан кейін бірден сыртқа шығып, дымқыл жер мен күздің иісін сезу.
14. Күзгі күннің батуын ешқайда асықпай, соңына дейін қарап отыру.
15. Анаааандай мінсіз қып-қызыл
16. Күз біткенде жинаған жапырақтарымды, суреттерімді қарап отырып: “Міне, менің күзіім…” дейтіндей кішкентай естелік қалдыру.
Қысқасы, биыл күздің келгенін тек күннің суығанынан білгім келмейді.
Оны иіскегім келеді.
Сықырлатып басқым келеді.
Қолыммен жинағым келеді.
Жаңбырында жүргім келеді.
Және барынша сезініп қалғым келеді. 🍂
Өйткені бақытты үнемі іздей бермей, кейде оны осындай кішкентай нәрселерден өзіміз жасап алсақ та болады ғой.
Ал күздің тізімі әзірге осындай
Тағы не қосар едіңіздер?
Шарт біреу: күздің иісі шығатын және ішіңдегі кішкентай баланы бақытты ететін нәрсе болсын 😂



