Ал менің өміріме сол күні менен бұрын қуанып, есімімді сүйіп таңдап, бүкіл ғұмырыма жететін мейірім қалдырған әке беріліпті.
Туған күнім келген сайын мен өзімнің туғанымды ғана емес, әкемнің мені қаншалықты қуана қарсы алғанын еске аламын.
Сондықтан бұл күн менің ғана туған күнім емес.
Бұл әкемнің “қызды болдым” деп қуанышы қойнына сыймаған күні.
Бұл анамның бар ауырсынуын үнсіз көтеріп, мені өмірге әкелген күні.
Бұл Ишан атаның батасымен менің Аиша болған күнім.
Бұл әкемнің махаббаты менің тағдырыма есім болып жазылған күн.
Раббым, мені дүниеге келген сәтімнен қуанышпен қарсы алып, маған ең көркем есімдердің бірін таңдаған әкемді рақымыңмен құшағыңа ал. Қабірін нұрға толтырып, Жәннатул-Бақидағы мекенін Жәннаттың ең көркем бақтарына жалға. Менің осы есіммен жасаған әрбір жақсылығымнан әкеме де сауап жеткіз.
Әке, менің туған күнім сіздің де қуаныш күніңіз еді.
Мен Аиша боп өмір сүрген сайын, сіздің маған берген есіміңіз де, тілегіңіз де, махаббатыңыз да бұл дүниеде өмір сүре береді…
11
1
1August 24, 2026 226