Сот істерін қарау кезінде мемлекеттік тілдіңүлесін арттыру
Алматы гарнизонының әскери сотында «Сот істерін қарау кезінде мемлекеттік тілдің үлесін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизонының әскери полициясы мен тергеу органдарының өкілдері қатысып, сотқа жолданатын іс материалдарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері талқыланды.
Жиын барысында мемлекеттік тілдің сот төрелігін жүзеге асырудағы заңнамалық рөліне ерекше назар аударылып, сотқа жолданатын құжаттарды қазақ тілінде сапалы әрі талапқа сай әзірлеу мәселесі қаралды.
Сондай-ақ судьялар мен сот әкімшісі сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің маңыздылығына тоқталып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің сапалық көрсеткіштері туралы баяндады.
Сот статистикасына сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік тілде қаралған істердің үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,2 пайызға артқан.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымында қазақ тілінің үлесін арттыру, электрондық сот жүйесінің мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізу барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Баспасөз қызметі.
Повышение доли государственного языка
при рассмотрении судебных дел
В военном суде Алматинского гарнизонасостоялся круглый стол на тему «Повышение доли государственного языка при рассмотрении судебных дел».
В мероприятии приняли участие представителивоенной полиции и органов расследования Алматинского регионального гарнизона. В ходе встречи были обсуждены вопросы ведения материалов дел на государственном языке и подготовки документов, направляемых в суд, на казахском языке.
Особое внимание было уделено законодательной роли государственного языка в осуществлении правосудия, а также вопросам качественной подготовки судебных документов на казахском языке в соответствии с установленными требованиями.
Судьи и администратор суда проинформировали участников о значении государственного языка в судопроизводстве, а также о качественных показателях ведения делопроизводства на государственном языке.
Согласно судебной статистике, в 2025 году доля дел, рассмотренных на государственном языке, увеличилась на 33,2 процента по сравнению с предыдущим годом.
По итогам круглого стола участникам были даны соответствующие поручения по увеличению доли казахского языка в документообороте между государственными органами, максимально эффективному использованию возможностей электронной системы судопроизводства, устранению выявленных недостатков в кратчайшие сроки, а также расширению сферы применения государственного языка при ведении делопроизводства.
Пресс-служба.
https://t.me/askeri_sottar
https://t.me/Jogargy_sot
Telegram
ҚР ӘСКЕРИ СОТЫ
Әскери соттың өзекті жаңалықтары!
Официальный сайт: https://askeri.sud.kz
https://t.me/Jogargy_sot
Instagram:
https://www.instagram.com/askeri.sot?igsh=bzRkOTVkeHdydjJq&utm_sour
Facebook:
https://www.facebook.com/Askerysot?mibextid=LQQJ4d

August 28, 2026 79 2