Ақмола гарнизонының әскери соты әскери қызметшінің пайдасына қаражат пен мүлікті өндіріп алу туралы шешім шығарды
🔷 Ақмола гарнизонының әскери сотында Б.-ның «Авиация қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне ақшалай қаражатты өндіріп алу, әскери мүлікті беру және өтемақы төлеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
🔷 Талап қоюшы 2025 жылы әскери қызметтен босатылған. Қызметтен босатылған кезде оған тиесілі ақшалай төлемдердің бір бөлігінің ұсталғанын, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға байланысты өтемақының төленбегенін және әскери киім-кешектің берілмегенін көрсетіп, сотқа жүгінген.
🔷 Іс материалдарын зерделей келе, сот талап қоюшыдан 1 310 807 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражаттың ұсталғанын анықтады. Аталған ұстап қалудың заңды негіздері болмағандықтан, сот оны заңсыз деп таныды.
🔷 Сонымен қатар, сот әскери қызметтен босатылған талап қоюшының Қазақстан Республикасы аумағында жеке мүлкін тасымалдауға байланысты өтемақы алуға құқығы бар деген қорытындыға келді.
🔷 Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 1 310 807 теңге мөлшеріндегі заңсыз ұсталған ақшалай қаражат және жеке мүлкін тасымалдауға байланысты 544 582 теңге өтемақы өндірілді.
🔷 Бұдан бөлек, жауапкерге талап қоюшыға берілмеген әскери киім-кешек пен жабдықтарды қолданыстағы нормаларға сәйкес заттай түрде беру міндеттелді.
🔷 Талап қоюшының емделуге байланысты жұмсаған шығындарын өндіру туралы талабы қанағаттандырылған жоқ.
🔷 Істі қарау нәтижелері бойынша талап қоюшының талаптары
ішінара қанағаттандырылды.
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Әскери Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.
Әскери соттың баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 71-05-05
E-mail: [email protected]
🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.
https://t.me/askeri_sottar
https://t.me/Jogargy_sot
Telegram
ҚР ӘСКЕРИ СОТЫ
Әскери соттың өзекті жаңалықтары!
Официальный сайт: https://askeri.sud.kz
https://t.me/Jogargy_sot
Instagram:
https://www.instagram.com/askeri.sot?igsh=bzRkOTVkeHdydjJq&utm_sour
Facebook:
https://www.facebook.com/Askerysot?mibextid=LQQJ4d

August 31, 2026 57