Семей гарнизонының әскери соты әскери қызметші М. - ның ақшалай өтемақы алу құқығын қорғады
🔷 Семей гарнизоны әскери соты тұрғын үй комиссиясы хаттамасының күшін жою және заңсыз деп тану және ақшалай өтемақыны төлеуді міндетттеу туралы М. талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады.
🔷 Сотпен анықталғаны, оның 1996 жылдың шілдесінен 1997 жылдың қарашасына дейін Талдықорған гарнизоны бойынша мемлекеттік тергеу комитетінің әскери тергеу бөлімінде, ал 1997 жылдың қарашасынан 1999 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдарында қызмет еткен. 2026 жылдың сәуірінде талап қоюшы ақшалай өтемақы төлеу туралы өтініш берген.
🔷 Тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімімен талап қоюшы М-ның мемлекеттік тергеу комитетінде және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу бөлімшелерінде қызмет ету құқық қорғау қызметі болып табылады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына кірмегендіктен, оған ақшалай өтемақыны төлеуден бас тартқан.
🔷 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармағына сәйкес əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары.
🔷 «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 15) тармағына басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары.
🔷 Заңның осы нормасының мағынасына сәйкес басқа әскерлер мен әскери құралымдарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдары жатқызылады.
🔷 Сот М-ның талаптарын қанағаттандырып, тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп танып, жауапкерге ақшалай өтемақыны төлеуді міндеттеді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Әскери Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.
Әскери соттың баспасөз қызметі
Тел.: +7 (7172) 71-05-05
E-mail: [email protected]
🔹 Сурет "ChatGPT" қосымшасындағы жасанды интеллекттің көмегімен әзірленді.
https://t.me/askeri_sottar
https://t.me/Jogargy_sot
Telegram
ҚР ӘСКЕРИ СОТЫ
Әскери соттың өзекті жаңалықтары!
Официальный сайт: https://askeri.sud.kz
https://t.me/Jogargy_sot
Instagram:
https://www.instagram.com/askeri.sot?igsh=bzRkOTVkeHdydjJq&utm_sour
Facebook:
https://www.facebook.com/Askerysot?mibextid=LQQJ4d

August 27, 2026 55 1