Қысқаша Next to you… жобасын таныстырғым келеді.
https://nexttoyou.space
Бұл — жақын маңдағы адамдармен шынайы байланыс орнатуға жақындастыруға арналған жаңа форматтағы веб-қосымша. Адам сайтқа кіреді, жанында жүрген адамдарды көреді, «Стучать» батырмасын басып қысқа сұраныс жібереді. Егер екінші адам келіссе, ішкі чат ашылады. Сол жерде олар қауіпсіз түрде кофе ішуге, серуендеуге, сөйлесуге немесе танысуға келісе алады.
Негізгі идея:
свайп емес, фильтрмен жасалған фотоға тәуелділік емес, телефон нөмірін беру емес — жақын маңдағы адамдарға арналған қауіпсіз әлеуметтік радар.
Қазір жобада бар:
— жұмыс істейтін MVP;
— 21+ тіркелу жүйесі;
— геолокация;
— жақын маңдағы адамдар тізімі;
— «Стук» жіберу;
— ішкі чат;
— Верификация;
— Free / Plus / Pro тарифтері; (Kaspi мен төленеді)
— CRM-админ панель;
— Қолдау көрсету қызметі;
Жобаның перспективасы:
— адамдар классикалық dating-қосымшалардан және шексіз свайптан шаршады;
— қалада адамдар көп, бірақ бірінші болып сөйлесу көп адамға ыңғайсыз;
— жоба нақты әлеуметтік мәселені шешеді: жанындағы адаммен қауіпсіз сөйлесуге мүмкіндік береді;
— монетизация түсінікті: ақылы тарифтер, кеңейтілген радиус, көбірек «стук», қосымша мүмкіндіктер;
— жобаны қала-қала бойынша масштабтауға болады: Алматы → Астана → Қазақстан → басқа елдер.
Негізгі артықшылықтары:
— телефон нөмірі қажет емес;
— нақты карта көрсетілмейді;
— фамилия ашық көрсетілмейді;
— қолданушы өз қолжетімді уақытын өзі таңдайды;
— жеке тұлғаны верификациялау бар;
— қауіпсіз ішкі чат бар;
— тек танысуға емес, кофе, серуен, әңгіме және жаңа байланыстарға да қолайлы.
Инвестиция не үшін қажет:
— қауіпсіздікті күшейту;
— WebSocket / real-time жүйесін қосу;
— серверді күшейту;
— Google/Apple арқылы жылдам кіруді қосу;
— жарнама және алғашқы офлайн-тесттер;
— болашақ мобильді қосымшаны дайындау.
Жоба қазір ерте кезеңде, сондықтан дәл қазір кіру кейінгі кезеңге қарағанда тиімді болуы мүмкін. Қолданушылар, төлемдер және нарықтық дәлелдер көбейген сайын жобаның бағасы да өсуі ықтимал.
Қысқаша айтқанда: Next to you… — жай танысу сайты емес, маңдағы адамдармен жақындастыратын шынайы байланыс орнатуға арналған жаңа әлеуметтік радар.










