жыл бойы өзімді бір киттің ішіне түсіп кеткендей сезіндім. не толық батпадым, не жағажайды кезіп жүргенім де жоқ. не үмітсіздікке кетпедім, не ешнәрсеге қатысты сенімім де қалмады. тек Оған тәуекел етіп, «мына сынақты берген болса, демек негізі көтере аламын ғой. бұл кезеңнен қашып кетсем, тұрған шыңымнан домалап-домалап терең шұңқырға түсіп кетпеймін бе?» деген ойлармен әйтеуір денем мен рухымды сүйреп жүрдім.
алайда соңғы бір апта жаңа дем берді ме, әлде жай сабақ аяқталған соң жүгімнің бір бөлігі түскеннен бе, ішім сәл болсын жеңілдеп қалыпты. соның белгісі ретінде алдыңғы күні бұлттардың пішінінен бір китті байқағандай болдым.
мені жұтып, теңізді аралатып жүрген китті енді аспанда жайбарақат қалқыған күйінде көрдім. өзі тым-тырыс, қимылсыз, өзіне бөтен аймақта. дегенмен айналасы оны итеріп, бұлттарымен бірге әкетіп, көк аспанымен оған аппақ реңк беруде.
«менің китім босапты ғой»
«жат мекенге қалай күшті үйлесе қойды»
«сен мені емес, мен сені тұңғиықта ұстағаныма кешірші»
іштей негізі “тишина перед бурей” дегенді сезіп/уайымдап тұрсам да, әзірше осы тыныштықтағы қалпымды қабылдағым келеді.