Жаным, құрбым!
Жаның езіліп ессіз ғашық болма, нәп-нәзік жүрегіңе дақ түсірме. Сен өзің ойлағаннан да ең жақсысына лайықсың. Құрбым, өткенге жалтақтама, ертеңге асықпа. Сабырлы бола түскен қалпыңнан айналдым. Құрбым, өзге не дер екен деп алаңдама. Өзіңді сүй, өзіңді сүйгенді және сүй. Өзге аруларды сыйлай біл. Әйелдік әдемі мінезіңді таныт. Құрбым, көреалмаушылықтан ада бол. Пасық ой жаныңды жемесін. Жылаудан ұялма. Құлаудан ұялма. Айқайла. Қайта гүлде. Бір сәтте от бол, бір сәтте су бол.
Айналаңа күлкі сыйла. Қолыңнан келгенше күле біл. Ата-анаңды ойла, бауырларыңа алаңда. Ажарыңды күт, денсаулығыңды сақта. Жаным, құрбым бәрі өткінші екенін ұмытпа. Бұлт сейіліп, сен сүйетін күннің нұры қайта бетіңе түседі. Нәзігім, іштей қайратты бол. Қылығың күлкіңде, жастығың көзіңде ойнасын❤️
Қанша жыл өтсе де дәл осы балғын, албырт, бала қалпыңда қалшы🌸