Құдайға үнемі «менің көзіме кіл әдеміні көрсет, менің тіліме жақсыны ғана айтқыз, менің аяғымды ғаламаттарға баста, менің ойыма тұнық ойлар тұндыр» деп айтамын.
Қайтарымына да риза боп жүрем. Жанымдағы әр адам мен жолымда кездескен әр бейтаныстың үйретіп кетері бар. Үйрететінін үйреткен соң кетеді. Біз де біреудің өміріндегі миссиямызды орындап біткен соң кете барамыз.
Өмір солай
Жалғаса береді