...
Түннің бүгін құбылмалы сарайы,
Жұлдызы бар, аспаны бар, бар айы.
Әй, бірақ та өзім сүйген айым жоқ,
Бір есімнен кетер емес арайы.
Қыс, жаз, күз, бүршік атқан көктемім-ай,
Сезіндің бе мендік сезім бөктерін-ай?
Қанша мына бөрі болып жаралсам да,
Мұңымды айтпаған ем көкке бұлай.
Есіңде ме, асқақ еді, тұнық болған арманымыз,
Қиялменен болашаққа барғанымыз?
Сол ойларым бір мезетте мертке айналды,
Жұлқылады, өлтірді қарғалы күз.
Сен де ұнаттың, мен деп жаның жылаушы еді,
Мендік жүрек тек сені сұраушы еді.
Қанша, жаным, мойымай келгенімен,
Сен жайлы мұңды өлең құраушы еді.
Сеніменен сөйлесуші ем кеш кіргенде,
Дәл мендей мәз емес еді ешбір пенде.
Қоңыраумен өзіңе алғаш батқам,
Одан кейін сөйлеспедім ешкіммен де.
Содан бері көңілім жайқалмаған,
Көп сезімдер жатыр іште айта алмаған.
Өзгені шын ұнатып көрейінші,
Бір сәт болсын сезімімді қайтар маған.
Тексеріп кет, егер сезім жалған десе,
Сені бүгін ойладым, қарғам, кеше.
Ойланбастан сол аруды айтар едім,
«Орындалмай қалған бір арман» десе.
Баласы бар, тұрмыс құрған, ұзатылды,
Ұмытуға тура келеді «қыз» атыңды.
Барғым келеді, күйеуің болса-дағы,
Құдай бірақ жақтырмас бұзатынды.
Алғаш рет сол кезде шарап ішкем,
Қандай бақыт шықсын дейсің жаралы іштен...
Егер де өзіңді мен ұмытпасам,
Не пайда маған мына қара күштен?
Менің мына рухыммен егіз бе едің?
Тоғытылып, қарғам-ау, сені іздедім.
Есімде, ең алғаш «ағам ғой» деп,
Қара нанға май жаққандай жегізгенің.
Сол түні сені ойлап жата алмадым,
Ұйықтайын десем дағы, бата алмадым.
Қазір мен ешбір қызға сене алмаймын,
Содан болар «қыз құмар» атанғаным.
Менің жаным содан бері жасаурайды,
Іштен тынам, мұң менен қаша алмайды.
Сенен кейін қанша қызбен жолықсам да,
Тұнық мына көздеріңнен аса алмайды.