Селтик соңғы рет чемпиондар Лигасы іріктеуінен 2017 жылы өткен. Ол кезде плей-оффта Астананы жеңген еді. Глазгода қақпашымыз Мокиннің қателігі көп болып, шотландиялықтар 5:0 есебімен Станимир Стоиловтың командасын ойсыратқан
Бірақ Астана-Аренада елордалық клуб суперсенсация жасауға жақындады. Твумаси, Мужиковтар ерлеп еді, әттегені, камбэк бұйырмады – 4:3.
Одан кейін Селтик ЧЛ іріктеунің бәрінде құлапты. Еуропа Лигасындағы жақсы ойындары бар, көрші клубтарының жинаған ұпайлары бар, сөйтіп Шотландия чемпионатының рейтингісі қайта өсіп, чемпионына негізгі кезеңге тікелей жолдама бұйырғанда ғана кельттерді басты додада көргенбіз. Ал іріктеуге қатысса, ұшып кете берген.
Міне, биыл да Селтик былтырғыша плей-оффта жеңіліп қалды. Бір жыл бұрын Қайратқа есе жіберсе, кеше ЛАСК-қа қарсы ойында масқара болды. Екеуі де – дебютанттар.

66
4August 26, 2026 3.9K