Hull City – Hull Tigers
2015 жылы Халл Ситидің жекеменшік иесі мысырлық Ассем Аллам болған. Ол «клуб менікі, оның атауын ауыстырғым келеді» – деп жария қылды
Алламның пікірінше, Англияда Ситилер көп, ал Тайгерс маркетинг жағынан керемет пайда әкеледі: шетелде, әсіресе, Азияда жақсы және ыңғайлы бренд.
Бірақ жанкүйерлер сүйікті Халл Ситидің «жолбарыстар» болып ресми ауысқанын құптамады. Тарихи атауын жаңа келген басшы өзіне ыңғайлап алғанын жөн көрмеді. Маркетинг үшін Tigers деп атай беріңдер, бірақ ресми аты Hull City қалсын деп наразылық білдірді.
Нәтижесінде, Англия футбол қауымдастығы араласып, Ассем Алламға қалағанын істеуге жол бермеді. FA Халл Ситидің басқаша аталуына рұқсат жоқ деді.
Ассем Аллам басқарғанда «жолбарыстар» шынында Әлемге танылды. Халл Сити ағылшын Премьер-лигасына шығып, Англия Кубогында тамаша ойнады.
2022 жылы клубты Алламдар отбасынан түркиялық Аджуну Ылыджалы сатып алды.
Биыл Халл Сити АПЛ-ға қайта оралды.

27
10September 1, 2026 1.9K